Zootopia 2

Zootopia 2

دانلود زیرنویس Turkish

هماهنگ با نسخه‌های زیر

Zootopia 2 2025 HYBRID 1080p BluRay x264 AAC5 1-[YTS BZ]
Zootopia 2 2025 HYBRID 720p BluRay x264 AAC5 1-[YTS BZ]
ناشر DrAbdellateef
01:47:44 Time - 🎥🎬Your Rate Will Be Great🎬🎥

برچسب‌ها

bluray
professional_translation
تاریخ انتشار: 2026-03-15
تعداد دانلود: 202
مخصوص ناشنوایان: No
FPS: 23.98

پیش‌نمایش زیرنویس Turkish

نخستین 200 خط.

Қан. Қан. Қан. Сосын өлім.

Бұған дейін болған жағдай…

Болды, жетер. Асыра сілтеп жатырсың.

Оған қоса, бәрін жазып алдық.

Бұған дейін болған жүндей…

Қойылымды аяқтаймыз. Көрерменіміздің ұзын тіліне рақмет.

Бәрін жайып салды.

Арыстанбекті орға жықтым. Сендерді де жығамын.

Сот кімге сенеді?

Міне, тыңда…

Аңдар шаһарында аңдар жыртқышқа айналулары үшін оларды атып отырамын.

Өзіңді өзің ұстап бердің.

Айламды асырып кеттім, жаным.

Бум.

Күтпеген дуэт…

"АШНН"

…алғашқы қоян полицей Жуди Хоппс

пен көшенің айлакер түлкісі Николас Уайлд…

"ЖАҢА ДЕРЕКТЕР – БҰРЫНҒЫ ӘКІМ ҚОЙҒАЙША ТҮРМЕГЕ ТОҒЫТЫЛДЫ"

…бүгін әкім Қойғайшаның қастандығын әшкереледі.

Кінәсін мойындағанын қалам-диктофонға жазып алыпты.

Сендерді де орға жығамын.

Кейін Уайлд АШПБ қатарына қосылып,

Аңдар шаһары тарихындағы алғашқы қоян мен түлкі командасы

"АҢДАР ШАҺАРЫ ПОЛИЦИЯ АКАДЕМИЯСЫ"

…атанды.

Жаңа әкім, бұрынғы актер Брайан Желжүйрік,

ауа райы қабырғаларының жүз жылдығына арналған сөзінде

жаңа дуэттің жетістіктерін тілге тиек етті.

Сол қабырғалардың арқасында түрлі ландшафтар мен жануарлар…

"БАЛЫҚКЕНТ БАЗАРЫ Кларк СУТІЛ"

…бір қалада өмір сүріп жатыр.

Жүз жылдық мерейтойымыз!

Ауылдан шыққан қоян мен

бұрын қылмыскер болған көше түлкісі өз табиғаттарына қарсы шығып,

игі іс үшін таптаурындардан бас тартқанда,

олардың мысалы бізді айырмашылықтарымызды ұмытып,

тату, құйрық тіресе өмір сүруге шақырады.

Жаңа істі ашамыз, әлем сәл болсын жақсара түседі,

сонда бұрын-сонды болмаған тамаша серіктес атанамыз.

Соншалықты әртүрлі емеспіз.

АҢДАР ШАҺАРЫ 2

Біздің істе, ынтымағы жарасқан топ – жетістіктің негізі.

Зұлымдарды ұстағыларың келе ме?

Бірлесе жұмыс істеңдер. Күн сайын.

Бүгінгі зұлым – кеден инспекторы,

ол заңсыз жүктің кіруіне көмектесіп жүр,

қалалық айлақ арқылы.

Жетекшілерің Хоггботтом мен Труфлер болады.

Хиггинс, Блоутс, сол жақ қаптал.

Шевр, Бушерон, оң қаптал.

- Ал ортада Зебауырлар. - Зебауырлар!

Хоппс пен Уайлд, білемін, өздеріңді көрсетуге асықсыңдар,

бірақ жаңадан келген болғандықтан, сендер алдымен

тәжірибелі серіктестер қалай жұмыс істейтінін бақылап…

ХОППС - УАЙЛД

Басеке, сәлеметсіз бе.

Ник пен Жудиді іздесеңіз, іске кірісіп кеткендерін айтуымды өтінді.

Олар сол жерде, сәбилерімен бірге!

ЖҮК ТҮСІРУ КЕМЕЖАЙЫ

Іске асатынына сенімдісің бе?

Оны тұтқындауымыз керек деп қолқа салған өзің ғой.

Жай ғана айтқанымды істе. Сасқалақтама.

Міне, басталды.

Сәлем!

Бұл жабық аймақ.

Мұнда кіруге болмайды.

Қоян мен түлкі ме? Жарайды.

Иә, бірақ бірінші кезекте баласын жақсы көретін ата-анамыз.

- Мырза… - Инспектор.

Инспектор Снутли.

Инспектор ма? Сонда не істейсіз?

Мына контейнерлерге заңсыз ештеңе салынбағанын тексересіз бе?

Сұрағың біртүрлі екен.

Болды, қысқасы, кетулерің керек. Мұнда кіруге болмайды.

Тоқта, тұра тұр.

Қап, оның айтқаны рас қой.

Дұрыс айтасыз, мырза.

Не ойладық десеңші, жаным?

Баламен шақырусыз келдік,

осы ғажап өндірістік кемежайға,

бүлдіршініміздің ерекше туған күнін атап өту үшін.

Оның туған күні ме?

Иә, алғаш рет…

әлгі жол апатынан соң.

Мына тентектің бар сұрағаны,

құйрығын орнына қайта тігіп беруді есептемегенде,

ол "шух-шухты" көру.

Жолсерік гипсіне қолтаңба қойып берсін деп өтінді.

Бірақ, меніңше, кеден инспекторы тіпті жақсы.

Рас па?

Жарайды. Баланың бетін қайтармайын. Бала үшін.

Әулие екенсіз.

Көп рақмет. Мінеки. Кез келген аяғына.

Екеуіне жазсаңыз да болады. Қалауыңыз болсын.

Сурет салып бересіз бе?

Әдемі етуге тырыспай-ақ қойыңыз.

Көзі жөнді көрмейді.

Кішкене пойыз салдым. Оларды жақсы көресің ғой.

Қане, қане.

- Тезірек, бұра. - Иә. Білемін.

- Жылдам! - Қазір ашамын.

Бұра. Бұра. Бұрасаңшы!

Хоппс пен Уайлд, сендерде ордер жоқ.

Тоқтатып, қосымша көмек күтіңдер.

Шух-шух.

- Бұл полиция! - Тоқта!

- Заң атымен тоқта деймін! - Қашыңдар!

Бәрін ұстау мүмкін емес.

Жолдан кет, ақымақ қоян.

Мұныңмен келіспеймін.

Менің көлігім! Бұл заңға қайшы!

Хоппс пен Уайлд күдіктінің соңынан келеді,

ол ұрланған тамақ таситын көлікпен шығысқа қарай…

Жетер.

…шығысқа Қойлық арқылы кетіп барады.

ЖҮЗЖЫЛДЫҚТЫ ТОЙЛАУ

Керемет.

Мені де осылай қырқып беріңізші.

Қымбаттым, көлік жүргізгеніңнен жүнімнің бәрі ағарып кеткен сияқты.

Айтпақшы, мен үнемі жолаушы бола беремін бе?

Орын ауыстырсақ қайтеді?

ПОЛИЦИЯ - А.Ж.Қ.

Әрі жүріңдер, боқмұрындар!

Кәсіпқойларға кедергі келтірмеңдер.

- Ханым, біз де кәсіпқой маманбыз. - Төте жол. Түнелмен кесіп өтейік.

Молхолланд Түнел

Доғарыңдар, жастар.

Оларды біз ұстаймыз.

- Домалайтын тікен! - Домалайтын тікен!

Мезі етті ғой мына қоян.

ЖҮЗЖЫЛДЫҚ ШЕРУ

АМЮЗ-БУШ КЕЙТЕРИНГ

ГНУ-ДЖЕРСИ ШЕРУІ

АЗОТ ҚОРСЫЛЫ

- Секіріп мінемін. - Не?

Жоқ, жоқ. Мұның не сен…

Сәбіз! Топ жиналысын талап етемін. Тоқта, Сәбіз!

Жуди!

Бір минуттық үнсіздікпен еске алайық

ауа райы қабырғаларын ойлап тапқан Эбенезер Линсклиді.

Зебауырлар!

Рептилия?

БОГО БАСЕКЕ

Басеке, екеуі мүлде шектен шығып кетті!

Аңдар шаһары тек сүтқоректілердің қаласы емес.

Мұнда шағын ғана рептилиялар қауымдастығы шоғырланған,

бірақ көбі шетелде тұрады.

Әрине, Аңдар шаһарында жыландарға тыйым салынған.

Оларды көрмегенімізге жүз жылдай болып қалды.

"Қабыршақтар мен басқа да оғаш хикаялар".

НИББЛС МЕЙПЛСТИК Әрқашан шындықты айтады

Иә, Нибблс Мейплстик ең сенімді ақпарат көзі емес-ау.

Қоян, жирен ит, жылдам бері келіңдер!

Мырза, бәрі ойдағыдай болмады, бастысы құмырсқажегішті ұстадық.

Иә, Зебауырлар!

- Зебауырлар! - Тыныш!

Зебауырлар.

Біз ұстадық.

Бірақ бастысы, біз үлкен жаңалық аштық.

Ұрланған фургоннан контрабандалық жәшік табылды.

Ішінен Аңдар шаһарының жүзжылдығы жайлы кітапшалар,

сосын рептилия терісінің бір бөлігі табылды.

Үлгіні тексеруге жіберіп қойдым.

- Егер сіз… - Сендерді тексеруге жіберу керек!

Екеуің қаланың жартысын қираттыңдар.

Тіпті арнайы тұмсық жасағын шақыруға тура келді,

дикдикті тубадан алып шығу үшін!

- Сәл шыдашы. Қазір шығарады. - Жоқ! Өтінемін, керек емес!

Енді оны кім ұстайды?

Кешіріңіз, тағы бір көрсем бола ма? Көзілдірігімді тақпаппын.

Жауап беріңдер, операцияны тоқтатыңдар деген тікелей бұйрығымды бұздыңдар ма?

Мырза, біз қылмыскерді қуып бара жаттық.

Алтыншы баптың, Б тармағында жазылған: "Егер бас офицер…"

Сендер бас офицер емессіңдер!

Бір іс ашқан жұлдызсымақтар.

Барып айыппұлдар жаза бер, ал сен балмұздағыңды сат!

Рұқсат етші. Меніңше, біреу қорс мобильмен жүргенімізді көре алмай тұр.

Әлде анаң деп ойлап қалдың ба?

Жетер! Бәрің сыртқа шығыңдар.

Офицер Хоппс,

қанша тырыссам да, сіз маған ұнайсыз.

Бірақ асқан белсенділігіңіздің кесірінен,

бүгін барлық газет беттеріндесіздер.

Ал бұл шу менің де, бөлімшенің де абыройына нұқсан келтіреді.

Сенің жолыңды қуғысы келетін кез келген қоянға да кері әсер етеді.

Әрбір ашылған іс әлемді құтқармайды.

Тық-тық.

Білесіз бе,

сіздерге оңаша сөйлесу керек екенін ішім сезіп тұр.

Сондықтан сіздерді жалғыз қалдырғаным дұрыс болар.

Неге қылжақтай бермей, байсалды сөйлесе алмайсың?

Балалық травмасы барларға әзіл қорғаныс тәсілі болып табылады.

Ересек травма алғың келе ме?

Жоқ, рақмет.

Екеуің қаламызды құтқарғандарың үшін серіктес болуға рұқсат еттім.

ХОППС ПЕН УАЙЛД ЖОҒАЛҒАН СҮТҚОРЕКТІЛЕР ІСІН АШТЫ

Бірақ бүгін бәрін бүлдірдіңдер.

Нәтижесінде,

көбі сендерді серіктес ету керек пе еді деген сауалды қарастырып жатыр.

More Turkish subtitles for Zootopia 2

نظرات

No comments yet. Be the first to leave one.

Keep it about this subtitle — sync, quality, typos.500 characters left